Жалаңтөс батыр ескерткіші

Ескерткіштің атауы: Жалаңтөс батыр ескерткіші.

Ескерткіштің түрі: монументтік өнер құрылысы.

Ескерткіштің мерзімі: 2019 жыл.

Ескерткіштің орналасқан жері: Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы, 312 атқыштар дивизиясы даңғылы, Сапар автовокзалының аумағында.

Тарихи мәлімет: Жалаңтөс батыр Сейітқұлұлы (1576-1656 жж.) — қазақ батыры, мемлекет қайраткері, қолбасшы. Самарқан қаласының әмірі. 17 жасында Әлімұлы руларының биі, 36 жасында Самарқанның әмірі атанды. 1640 жылы Қазақ елі мен Орта Азияға шабуыл жасаған жоңғар ханы Батурды жеңіліске ұшыратты. 1643 жылы Жетісуға басып кірген жоңғарларға қарсы шайқасып жатқан Жәңгір ханға Самарқаннан 20 мың әскерімен көмекке келіп, басқыншыларды талқандайды.

Ескерткіштің сипаттамасы: Жалаңтөс батырдың ат үстінде, оң қолымен шоқпар ұстап келе жатқан көрінісі мүсінделген. Мүсінде ат әбзелдері мен батырдың қару-жарақтары шеберлікпен суреттелген. Тұғыры бетоннан салынып, гранитпен қапталған. Тұғырының ұзындығы – 4 м, ені – 6,5 м, биіктігі – 4,15 м. Мүсін қоладан құйылған, биіктігі – 5,15 м. Сәулетші: Иманбаев С.У. Мүсіншілер: Тоқтар Ермеков, Жеңіс Жұбанқосов.