ЖАМАНШЫҢ ПАНОРАМАСЫ

Жаманшың панорамасында Алладан тілек, шапағат тілер «Тілек төбе» орналасқан. Сонымен бірге қоңыр төбе «Ем төбе» деп аталады.  «Науқасыңа ем болғай» деп тыныштықта іштей дұға тілеуге болады

Метеориттің тағы бір ең әсерлі жері «Кешірім тауы» деп аталады. Бұл тауға шығып, Алладан адам баласының осы өмірде біліп-білмей жасаған қателіктеріне кешірім алуға мүмкіншілік беріледі. Жайпақтау кішкене төбешік балалардың түрлі  (энурез, шошыма) ауруларына ем.

Батыс беттегі сәл алыстау түйенің қос өркешіндей қос төбе ренжіскен жұбайларды «Татуластыру төбесі» деп аталады.