Абай Құнанбайұлының ескерткіші

Атауы: Абай Құнанбайұлының ескерткіші

Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылыстары

Ескерткіштің мерзімі: 2020 жыл

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Абай даңғылы мен Есет Батыр көшесі қиылысында орналасқан

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойына орай орнатылды. Қоладан жасалған қолында кітапшасы бар, кең шапан киген Абай ескерткіші биіктіг-2,4 метр болатын тұғырға орнатылған, ал мүсіннің өзі-3,8 метр. Қолындағы кітап-білім мен руханияттың символы. Тұғыр екі деңгейлі төртбұрышты, екі сатылы стилобатқа орнатылған. Ескерткіштің жалпы биіктігі-6,2 метрді құрайды. Ескерткіштің авторлары: Қазақстан Республикасынының мәдениет қайраткері, белгілі мүсінші Тоқтар Ермеков және мүсінші Жеңіс Жұбанқосов.

Тарихи мәлімет: Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы — ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауында дүниеге келген. Абай лирикасы жанрлық ерекшеліктері жағынан алғанда көп салалы, көп қырлы болып келеді. Ол қазақ поэзиясында тіл кестесіне, сөз қолдануына да жаңа сипат дарытқан ақын. Ол қазақ поэзиясының мазмұндық ауқымын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте жаңа жанрлық түрлер туғызды. А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, т.б. ақындардың шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты.