Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы
Ескерткіштің мерзімі: 2008 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Абай даңғылындағы гүлзарда
Тарихи мәлімет: Әбдіжәміл Нұрпейісов — Қазақстанның халық жазушысы, қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайреткері. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясы – «Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу» деп аталатын үш кітаптан тұратын, ел, халық, оның әлеуметтік тағдыры туралы, әлеуметтік-психологиялық типті шығарма. Трилогияда Арал, Шалқар, Ақтөбе аудандарындағы революциялық дәуірдің өмір құбылыстары суреттелген.
Ескерткіштің сипаттамасы: Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романы кейіпкерлеріне орнатылған ескерткіш-белгі (биіктігі – 2,1 м.) қоладан құйылып, қызғылт қалақтаспен әрленген, ұзындығы – 5,65 м., ені – 3 м., биіктігі – 1,62 м. Шоқы тас тәрізді тұғырға және көлемі 12 м. х 12,6 м. 44 қызғылт гранитпен қапталған 2 сатылы крест пішінді іргетасқа орналасқан. Трилогиядағы Бел-Аран шоқы тасы символының үстінде жақсы өмір мен бостандыққа ұмтылған Еламан мен Қален, сенімсіз сұлу Ақбала оның әкесі Сүйеу қарт, олардың артында жалқау Судырахмет пен өсекшіл Қарақатын және басын тік ұстап, итін ерткен Тәңірберген бейнеленген.
Мүсінші: Е. Жауымбаев.