Ескерткіштің түрі: монументтік өнер құрылысы
Ескерткіштің мерзімі: 1999 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Теміржол вокзалы ғимаратына қарама-қарсы, Ж.Кереев көшесіндегі гүлзарда орналасқан
Тарихи мәлімет: Ж.Кереев 1930 жылы Ақтөбе облысы, Темір ауданында дүниеге келген. Кеңес заманында қазақтың арасында алғашқы болып генерал-лейтенант атанған алып тұлға.
Ескерткіштіңсипаттамасы: Ескерткіш мүсіннен, тұғырдан және іргетастан тұрады. Үш қабатты жоспарлы, тікбұрышты болып келеді. Іргетасы цементті блоктан жасалған. Тұғыры қызыл-қоңыр гранитпен қапталған.
Мүсінші Б.Әбішев, сәулетші Б.Егімбаев.