Исатай Тайманұлының ескерткіші

Атауы: Исатай Тайманұлының ескерткіші

Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы

Ескерткіштің мерзімі: 2017 жыл

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылы, Ақтөбе — Батыс Қазақстан тас жолының бойы

Ескерткіштің сипаттамасы: Исатай Тайманұлының мыстан құйылған ат үстіндегі мүсіні 25 х 70 метр аумақта орналасқан. Мүсіннің биіктігі – 4,5 метр. Тұғыры үш қатарлы, бетоннан жасалып, гранитпен қапталған. Төменгі бірінші қатарының ұзындығы – 2,60 метр, ені – 4,60 метр, ортаңғы екінші қатарының ұзындығы – 2,35 метр, ені – 4,34 метр, үстіңгі үшінші қатарының ұзындығы – 2,23 метр, ені – 4,21 метр. Тұғырының биіктігі – 4,55 метр. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 9,05 метр.

Сәулетші: Нұрсұлтан Имашев, мүсінші: Каербаев Сабыр.

Тарихи мәлімет: Исатай Тайманұлы 1836 — 1838 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Исатай Тайманұлы 1791 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған құмындағы «Тайман жалы» деген жерде туған. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан, Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы. Бөкейхан Исатай Тайманұлын 1812 жылы Жайықтағы Беріш руына старшын етіп тағайындаған.