Кеңес одағының Батыры ұшқыш-косманавт В. И. Пацаевтың ескерткіш мүсіні

Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы

Ескерткіштің мерзімі: 1976 жыл.

Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы.

Тарихи мәлімет: Виктор Пацаев – Ақтөбелік ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры.   1933 жылы 19 маусым күні Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

В.Пацаев — 1971 жылы 6 маусымда «Союз-11» ғарыш кораблімен сынаушы ретінде Г.Т.Добровольский және В.Н.Волковтармен бірге ғарышқа ұшты.

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш мүсін трапеция тәрізді сатылы стилобадтан тұратын архитектуралық мүсін. Ортасында биіктігі 4 м. болатын қызыл қашалған граниттен тұрғызылған бес бұрышты стелла бар. Ол стеллаға ескерткішті аспанға ұмтылған етіп көрсететін екі метрлік Батырдың бейнесі орнатылған.

Тұғырда «Виктор Иванович Пацаев ұшқыш-космонавт, Кеңес Одағының Батыры» мәтіні жазылған.

Ескерткіш республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Мүсінші: Ю.А.Тур, сәулетші: А.А.Заварзин.