М.Мәметованың ескерткіш – мүсіні

Атауы: М.Мәметованың ескерткіш – мүсіні

Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылыстары

Ескерткіштің мерзімі: 2020 жыл

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Асау – Барақ көшесі, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі аумағында орналасқан

Ескерткіштің сипаттамасы: Мәншүк Мәметованың ескерткіш мүсіні қоладан құйылып, тұғыры тұтас граниттен жасалған. Ескерткіштің табаны шаршы пішіндес, көлемі – 3 метр 67 см, биіктігі – 0,15 см. Тұғырының көлемі – 1,33 х 1,33 см, биіктігі – 2,45 см. Мүсіннің тұғырымен есептегендегі жалпы биіктігі – 3,75 см.

Тарихи мәлімет: Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы (1922 – 43) – қаһарман қазақ қызы, Кеңес одағының батыры. Ата анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Әмина Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медицина институтында оқып жүрді. Ол 1942 жылы тамызда өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21 – атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.