Қара металлургия балқытушысының ескерткіші

Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы

Ескерткіштің мерзімі: 1966 жыл

Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (АФЗ)

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш үш бөліктен – тұғыр, іргетас және монументтен тұрады. Тұғырдың үстіне қара металлургия балқытушысының ескерткіші мен тіреуіш орнатылған. Ескерткіш қоладан жасалған. Балқытушы жұмыс киімімен, оң қолына белдік, ал сол қолында жұмыс құралдарын ұстаған. Тұғыр мен тіреуіш керамикалық таспен қапталған. Ескерткіштің оң жағында, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының кеңсе ғимаратының қасбетіне 1966 жылы Кеңес Одағының батыры Василий Георгиевич Козенковқа ескерткіш тақтасы орнатылған. Тақта мәтіні: «1940-41 жылдары ферроқорытпа зауытының құрылысында Кеңес Одағының батыры В.Г. Козенков жұмыс істеген».