Тоқа Сәмет кесенесі

Атауы: Тоқа Сәмет кесенесі

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет

Ескерткіштің мерзімі: 1998 – 1999 жылдары

Орналасқан жері: Ырғыз ауданы, Жайсанбай ауылынан оңтүстікке қарай 13 шақырым жерде орналасқан

Ескерткіштің сипаттамасы: Сәмет батыр (Назымұлы) кесенесі Ырғыз ауданының Жайсанбай елді мекенінен 13 шақырым жердегі «Дәрмен» деп аталатын жерден 1 – 1,5 шақырым жердегі биік төбенің басындағы өз қабірінің үстіне салынған. Ақ және сары кірпіш комбинациясымен өрілген кесененің арка пішінінде салынған 1 есік және 5 терезесі бар. Кесененің жоғарғы жағы шар тәрізді күмбезбен аяқталған. Кесене қасына орнатылған гранит құлпытасқа: «Тоқа – Сәмет Назым – ұлы 1744-1844 Руы Шөмекейдің Бескем Тоқасы. Ұрпақтарынан 1998 – 1999» жазу жазылған. Айналасы темір қоршаумен қоршалған. Кесененің жалпы биіктігі – 9 метр.

Тарихи мәлімет: Сәмет (1744 – 1839) Жанқожа батырдың жасағына қосылып, белгілі батырлардың бірі болыпты. Сәмет батыр ХІХ ғасырда Ресейдің отарлау саясатына қарсы күрестерде Кіші, Орта жүзге танымал болған тұлға. Ор, Ырғыз, Сырдария бойларына бекіністер салуға кедергі жасап, халықты дінінен, әдет – ғұрпынан айыруға бағытталған зорлықтарға көнбей шайқастарға қатысқан батырлардың бірі. Есімі мен ісі Сыр сүлейлерінің жырларында сақталған.