Ескерткіштің атауы: Абдолла хазіреттің Көк мешіті
Ескерткіштің түрі: киелі объекті
Ескерткіштің мерзімі: ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы
Ескерткіштің орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қопа ауылынан 10 км. солтүстік-солтүстік-батыста, Шибұлақ ауылында орналасқан.
Тарихи мәлімет: Абдолла хазірет Жаналыұлы 1855 жылы дүниеге келіп, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы территориясына қарасты Шибұлақ деген жерде мешіт ұстап, бала оқытқан. Ақбұлақ, Жаманқала маңын мекендеген көшпелі қазақ даласынан түлеп, Орынбор татарларының мешіттерінде мұсылманша сауат ашып, Уфа қаласындағы Ислам медресесінде оқып, Бұхара жоғарғы мектебінде ілімін толықтырған. 1918 жылдың басында халық арасына төніп келе жатқан зобалаңды сезіп, «Алла мына босатын өкіметті бізге көрсетпей-ақ қойсын» деген екен. Әулие, айтқаны келіп, сол 1918 жылдың соңына жетпей көз жұмыпты. Абдолла хазірет «Көк мешіттің» аумағына жерленген.
Ескерткіштің сипаттамасы: Мешіт ел арасында «Көк мешіт» аталады. Бұлай аталу себебі – оның қабырғалары Самарқаннан әкелінген көк тастан қаланады. Көгеріп көрінген соң солай аталып кеткен. 1914 жылдан бастап бала оқи бастайды. 1918 жылға дейін Абдолла хазірет өзі басшылық жасайды. Мешіт 1930 жылдар шамасында атеист жандардың пәрменімен талқандалып, кірпіштері түрлі құрылысқа пайдаланылған. Қазіргі уақытта орны қоршаулы тұр.