Атауы: Бабан — тамы кесенесі
Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің мерзімі: ХІХ ғасыр
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Ақкөл ауылынан 28 шақырым солтүстік – солтүстік — шығысқа қарай
Ескерткіштің сипаттамасы: Кесене шеңберлі (диаметрі — 8 метр) үлгідегі порталды және күмбезді құрылыс. Құрылыстың ішкі бөлігінде үйінділердің жоқтығын ескерсек, бастапқыда жабыны тіптен болмаған немесе құрылысы аяқталмаған болуы мүмкін. Кесенеге кіре берісінің оңтүстік жағынан порталды безендірілген аркалы күмбезді өткел түрінде кездеседі. Сондай — ақ ішкі көрінісіне қарағанда ғимарат шеңбер тәріздес. Ғимараттың көлденең орналасқан қабырғаларында екі үшкіл аркалы тауашалар орналасқан. Сонымен қатар кесене қабырғалары саз балшық ерітіндісінде өлшемі 10 x 21 x 38 см болатын шикі кірпіштен тұрғызылған. Ғимараттың максималды сақталған биіктігі — 1,90 метр.
Тарихи мәлімет: Ескерткішті 1987 жылы ҚазКСР ҒА Ш. Уәлиханов атындағы АЭЗИ Батыс Қазақстан этнографиялық экспедициясы зерттеді.