Атауы: Қобыланды батыр ескерткіші
Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы
Ескерткіштің мерзімі: 2017 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылы, Ақтөбе – Қобда тас жолының бойында
Ескерткіштің сипаттамасы: Қобыланды батырдың мыстан құйылған мүсіні 19 х 19 метр аумақта ат үстінде орналасқан. Мүсіннің биіктігі – 4,5 метр. Тұғыры темір конструкциядан жасалып, гранит плиталармен қапталған. Тұғырының биіктігі – 5,2 метр, ұзындығы – 2,80 метр, ені – 4,75 метр. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 9,7 метр.
Сәулетші: Нұрсұлтан Имашев, мүсінші: Каербаев Сабыр.
Тарихи мәлімет: Қобыланды Тоқтарбайұлы (ХV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара — Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара — Қыпшақ Қобыланды» деп атайды. Көшпелі өзбек мемлекетінің негізін қалаушы Әбілхайыр ханның бас батыры болған. Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (ХV ғасыр) өмір сүрген, ханның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазак хандығының бөлінуіне де осы Қобыланды батыр себеп болған деседі.