Атауы: А.Қосуақовтың бейіті
Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің мерзімі: 1924 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарағаш ауылы
Ескерткіштің сипаттамасы: Құлыптас орнатылған төрт құлақты бейіт шақпақ қара тастармен қоршалған. Тас белгіде «ТАРИХИ ТҰЛҒА, АЛАШ АЗАМАТЫ РУЫ ТАРАҚТЫ ТАБЫН ҚОЖАМБЕРДІ ҚОСУАҚҰЛЫ АХМЕТКЕРЕЙ 1857 — 1924 БЕЛГІ ҚОЮШЫЛАР: НЕМЕРЕ БАЛАСЫ — СЕЙТОВ ӘШІМ КҮЙЕУ БАЛАСЫ – ЖҰМАҒҰЛОВ ҚАБЫЛ ҚАРАҚҰЛҰЛЫ АУЫЛ ӘКІМІ – АБДУАЛИЕВА АҚБӨПЕ ҚАЙРАДИНҚЫЗЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫ 2003 ж.» деп жазылған.
Тарихи мәлімет: Қосуақов Ахметкерей 1857 жылы Торғай облысы, Ақтөбе уезінің Елек — Батпақты өңірінде дүниеге келді. Орынборда 3 сыныптық гимназияны бітірген. 1895 жылы Бестамақ болысының басқарушылығына сайланып, 15 жыл қызмет етті. Қазақтың белгілі ағартушысы А. Байтұрсыновты Қарағаштағы болыстық ауыл мектебіне шақырып, мұғалімдік қызметке орналастырған.
1911 — 1913 жылдары Батпақты болысының басқарушысы, ал 1918 — 1920 жылдары Земское басқармасының тілмашы қызметін атқарды. Алашордашылармен саяси бір бағытта болған. 1920 жылы өмірінің аяғына дейін Ақтөбе уездік атқару комитетінің әділет бөлімінде сот қызметін атқарды. 1917 жылы 2 — 8 сәуірде Торғай облысы съезіне, 1917 жылы 5 желтоқсанда жалпы қырғыздық съезіне қатысқан.