Б.Жолмырзаевтың ескерткіш – мүсіні

Атауы: Б.Жолмырзаевтың ескерткіш – мүсіні

Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылыстары

Ескерткіштің мерзімі: 2018 жыл

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Б. Жолмырзаев және Шернияз көшесінің қиылысында, аудандық музей алдында

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш ұзындығы – 5 метр, ені – 4,75 метр аумақта орналасқан. Табанының ұзындығы – 75 см, ені – 63 см, тұғырының ұзындығы – 55 см, ені – 40 см, табанының биіктігі – 50 см, тұғырының биіктігі – 1,35 метр, бюсттің биіктігі – 80 см. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 2,65 метр.

Тарихи мәлімет: Байсалбай Жолмырзаев – қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы саласының көрнекті ұйымдастырушысы, ғалым, партия – кеңес қызметкері. 1928 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысының Қазалы ауданында дүниеге келген. Қазалының ауыл шаруашылығы техникумын бітіріп мал дәрігері, одан Алматының ауыл шаруашылығы институтында оқып агроном мамандықтарын алып, Ақтөбе облысына жолдамамен келді. Қызмет жолы тың игеру жылдарында агрономдықтан басталған. 1958 жылы Ойыл аудандық партия комитетіне бірінші хатшы болып тағайындалып, бұл қызметте 14 жыл істеді. 1972 жылы Ақтөбе қаласына қоныс аударып, облыстық ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын тексеру – қадағалау инспекциясының басшысы қызметін атқарды. Осыдан зейнеткерлікке шыққаннан кейін Ақтөбе қаласындағы жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызметін жалғастырып, жас шәкірттерге дәріс оқыды.