Байгелді ата зираты

Атауы: Байгелді ата зираты

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет

Ескерткіштің мерзімі: XIX – XX ғасырдың басы

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаратал ауылынан шығыс – оңтүстік – шығысқа қарай 19 шақырым 400 метр

Ескерткіштің сипаттамасы: Байгелді Ата әулие – Ойыл ауданының оңтүстік – шығысында, Ойыл өзенінің сол жағы, аудан орталығынан 25 шақырым, Ш.Берсиев ауылдық округінің күншығысынан 20 шақырым жерде жерленген. Басында үлкен құлпытасы бар. Бейіті көтерілмеген.

Тарихи мәлімет: Байгелді ата Жаңатуған Кете руынан. Зират басындағы түнек үйін Досқұлов Қайырбай салдырған. Күні бүгінге дейін адамдар барып түнеуде.