Едіге батыр ескерткіші

Ескерткіштің атауы: Едіге батыр ескерткіші.

Ескерткіштің түрі: монументтік өнер құрылысы.

Ескерткіштің мерзімі: 2020 жыл.

Ескерткіштің орналасқан жері: Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы, Едіге даңғылы, «Табыс» базарынақарамақарсы.

Тарихи мәлімет: Ел қамын жеген Едіге батыр. Едіге – Ақ Орданың әмірі. 1352 жылы Қаратау өңіріндегі Құмкентте Ақ Орда әскерінің бас қолбасшысы Балтышақтың отбасында ер жетеді. Ақ Орданың, одан кейін бүкіл Алтын Орданың билігі Тоқтамыстың қолына өткен кезде Едіге немере туысы Темір Құтлық екеуі Әмір Темірге барып қосылады. 1391 жылы Тоқтамыс жеңілгеннен кейін Едіге Еділ мен Жайық арасындағы жерлерді жеке билей бастайды. Кейінірек Алтын Орданы да өзіне қаратты. Алтын Орданың ханы деген атаққа Темір Құтлық ие болғанмен, оның шын мәніндегі билеушісі Едіге болды. Едіге Ноғай ордасының да негізін қалады. Қазақтың мықтылығын дәлелдеген батырдың ескерткішін ұрпақтары туған топырағына орнатты. Ақындар рухты жырларын арнады. 1399 жылы Едіге Литва князі Витовтың және Литваға қашып кеткен Тоқтамыстың әскерін талқандады. 1409 жылы Хорезмді басып алады. 1408–1409 жылы Руське шабуыл жасайды. Ондағы мақсаты – Мәскеу княздігін Алтын Ордаға қайтадан салық төлеуге мәжбүр ету еді. Мәскеуді қоршады, бірақ, оны алған жоқ, Мәскеу князін салық төлеуге мәжбүр етіп, тез елге қайтты. 1419 жылы Сарайшық қаласының түбінде Едіге Тоқтамыстың баласы Қадырбердінің қолынан қаза тапты. 60-қа жуық жыр-эпос жазылған.

Ескерткіштің сипаттамасы: Ақтөбеге Ер Едіге батырдың ескерткіші 2020 жылы қантар айында қойылды. Батыр бабаның мүсіні туған топырағында 650 жылдан соң ғана қайта тіктелді. Ер Едіге ескерткіші осы уақытқа дейін тек Қарақалпақстан жерінде қойылған. Граниттен құйылған ескерткіштің жалпы биіктігі 3 метрден асады. Мүсін шаһарға сыйлық ретінде Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен жасалды. Еңселі ескерткіш 30 миллион теңгеге құйылған. Ескерткіш авторы – Жеңіс Жұбанғосов.