Ескерткіштің түрі: Киелі объекті
Ескерткіштің мерзімі: XIX ғасырдың аяғы
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Байқадам ауылынан 10 шақырым оңтүстік-батыста.
Зерттелуі: Шекті Есет батыр Көтібарұлы (1809-1889 жж.) Қазақ елінінің Батыс өлкесін отарлаушылардың қанды-қансыз, зорлық-зомбылыққа толы езіп жаныштануына қарсы халықты көтерген 1847-1858 жж. ұлт-азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы болып табылады. Ескерткішті алғашқы рет 1944 жылы ҚазКСР Министрлер Кеңесі жанындағы Сәулет істері жөніндегі басқарманың Ақтөбе бөлімі Т. К. Бәсеновтың басшылығымен зерттелді. 1979 жылы ескерткішті РСНРПМ «Казрестоврация» сәулет-өнертану экспедициясы зерттеді. Қазақ совет энциклопедиясы, 4 томында, (1974), Қазақстан Ұлттық энциклопедия, 3 том (2001), Ақтөбе энциклопедиясы (2001), 2017 жылы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында авторлар ұжымының «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары» энциклопедиялық еңбегінде, және 2018 жылы «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиялық еңбегі екінші томында аталған кесене көрсетілген.
Есет батыр жайлы Герценнің «Колокола» (1857), Чернышевскийдің «Современнигі» (1851), «Всемирная иллюстрация» (1860), «Русский художественный листок» (1858) журналдарында, Н. А. Северцевтің, В. В. Григорьевтің, Л. Мейірдің, Е. П. Ковалевскийдің, А. Добромысловтың В. Залесскийдің, В. А. Перовскийдің В. В. Григорьевтың, Н. Игнатьевтың, сондай-ақ Шоқан Уәлихановпен, Михаил Венюковтың т. б. 1917 жылғы Қазан революцисына дейінгі ізденушілер мен ғалымдардың зерттеу еңбектерінде баяндалған. Кеңестік дәуірде А. Рязановтың, М. Вяткиннің, В. Шахматовтың, Т. Шойынбаевтың, Е. Бекмұхамбетовтардың еңбектерінде көрсетілғен. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі терен ғылыми зерттеу жүргізген З. Б. Байдосов, ол «Үш ғасырлар перзеттері» (1993, 2014), «Азаттықтың сұңқары» (1993), «Есет батыр» (1993) кітаптар жазған. Т. Төлепбергенидің «Есет батыр» (1993), «Қарабас батырдың ұрпақтары» (2006), Д. Әбенов, С. Мұхтаровтың «Есет Көтібарұлының үзеңгілес серіктері» (2001) зерттеулері бар. ИКРИ-8, VIII том, II бөлім (2006), «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы «Каракесек бірлестігі» XIII том, II кітап (2010), С. Құрманалиннің «Есет Көтібарұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс» атты кандидаттық диссертациясында (1999), «Кіші жүз және Есет Көтібарұлы бастаған 1847-1858 жж. Ұлт-азаттық көтеріліс» монографиясында (2019), Ғ. Ахмедовтің «Жем бойында» (1992), Т. Төрехановтың «Қанмен жазылған тағдырлар» (1999), «Дала Геркулесі» (2008) атты шығармаларда Есет батыр туралы айтылады.
Қысқаша анықтамасы: ХІХ ғасырда өмір сүрген халық батыры Есет Көтібарұлына алғашқы кесене 1890 жылы төртбұрышты шикі және күйген кірпіштен күмбезделіп өріліп, қабырғалары әшекейленіп тұрғызылады. Алайда уақыттың әсерінен және табиғи факторлардың салдарынан бұрынғы кесене құлап қалған. Оның орнына екінші рет қазіргі заманның сәулет өнерінің талаптарын ескере отырып ұлттық нақыштағы кесене 1993 жылы қайтадан тұрғызылады. Кесенеге алдынғы жағынан қарағанда оң жағындағы – Есет Көтібарұлының, ал сол жағында (құбыла жағындағы) інісі Дәрібай Көтібарұлының кесенесі болып келеді. Екі кесененің ортасында биік шырақ мұнара бар. Кесененің ұзындығы мен ені 7х7 метр, биіктігі 8 метр. Екі кесененің ортасындағы мұнараның биіктігі 16 метр. Мұнарадағы мрамор тақтаға сол кездегі тарихи тұлғалардың аттары жазылған.
Аңыз әңгіме: Кемеңгерлігімен, қамқорлығымен, батырлығымен аты шыққан халық батыры Есет Көтібарұлының тарихымызда алатын орны ерекше. Ол әулие, аруақты адам ретінде барша халыққа танымал болған. Естіген білген әр адам бабаның басына барғанда, тұсынан өткенде тоқтамай, бас иіп, дұға оқып, тағзым қылмай өткен емес.