Ескерткіштің атауы: Исатай батыр кесенесі
Ескерткіштің түрі: киелі объекті
Ескерткіштің мерзімі: ХІХ ғасыр (2014 жыл)
Ескерткіштің орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қиыл ауылынан 9 км. оңтүстік-оңтүстік-шығыста орналасқан.
Тарихи мәлімет: Исатай Тайманұлы 1836-1838 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшы, халық батыры. Исатай Тайманұлы 1791 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған құмындағы «Тайман жалы» деген жерде туған. Шейітсай қорымында Исатай батырға 2014 жылы кесене тұрғызылды.
Ескерткіштің сипаттамасы: Кесененің биіктігі 11,5 метр, ені 6 метр. Кесене ішінде Исатай Тайманұлы мен оның ұлы Оспанның өмір сүрген жылдары және Исатай батырдың бейнесі, сонымен бірге Махамбет ақынның «Арыстан туған Исатай, Дегеніне жете алмай, Арманда өтіп кетті деп, Қиналсаңыз біздерге, Мың сан рахмет сіздерге» деген шумақ өлеңі қашалып жазылған. Кесененің қабырғалары қазақи нақышта өрнектелген.