Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың ескерткіш – мүсіні

Атауы: Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың ескерткіш – мүсіні

Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы

Ескерткіштің мерзімі: 1972 жыл

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылы

Ескерткіштің сипаттамасы: Әлия Молдағұлованың гипстен жасалған мүсіні. Мүсін бас киімсіз, солдат гимнастеркасымен, кеудесіне дейін сомдалған. Тұғыры бетоннан жасалып, қара түсті кафельмен қапталған. Тұғыры екі қатарлы стилобадқа орнатылған. Стилобадтың бірінші қатарының ұзындығы мен ені – 2,3 метр, екінші қатарының ұзындығы мен ені – 1,8 метр. Стилобадтың биіктігі – 0,25 метр. Тұғырының ұзындығы мен ені – 1 метр, биіктігі – 1,5 метр. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 2,65 метр.

Мүсінші: А.Черникова.

Тарихи мәлімет: Молдағұлова Әлия Нұрмұхамедқызы – 1925 жылы 15 маусымда (кейбір деректерде 25 қазан) Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында Нұрмұхамед Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында дүниеге келген.

1944 жылы 4 маусымда Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталған. Әлия Псков облысы Новосокольники ауданы Монакова ауылында жерленген.