Кепер — тамы кесенесі

Атауы: Кепер — тамы кесенесі

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет

Ескерткіштің мерзімі: ХІХ ғасырдың II жартысы

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылынан 40 шақырым шығыс – солтүстік — шығысқа қарай, Ырғыз өзенінің сол жағалауы

Ескерткіштің сипаттамасы: Сегіз қырлы күмбезді орталық кесене оңтүстік қырында тікбұрышты кіреберіс ойығы бар. Сырттан сегіз қырлы қабырғалары рамалы шешім бар: бұрыштық жауырындар, жеті — қатар цоколь және нашар сақталған карниз, ол сызба үлгілі кірпіш үзілісті белдігімен аяқталып, қырымен төселген. Жоғарыда сфералық — конустық күмбезге (жалған төбе) ауысатын өзіне тән қырлы барабан (оның солтүстік бөлігінде ғана сақталған) орналасқан. Күмбездің негіз табаны – парус — тромпалардың екі қабатты жүйе. Кесене бірдей өлшемді 8 x 16 x 32 см шикі кірпіштен қаланған және күйдірілген кірпішпен қапталған. Жейделі қабатының астында «тігіндісіне қарай» аралас қалау қолданылған. Негізгі өлшемдері: қарама — қарсы қырлар арасындағы қашықтық — 9,50 метр; сақталған биіктігі — 6,50 метр.

Тарихи мәлімет: Кейінгі қазақ мемориалдық сәулет өнерінің тамаша үлгісі. Ескерткішті алғаш рет 1987 жылы Қаз КСР ҒА Ш. Уәлиханов атындағы АЭЗИ Батыс Қазақстан этнографиялық экспедициясы зерттеді (жетекшісі С. И. Аджигалиев)