Атауы: Молдағазының көк мешіті
Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің мерзімі: ХХ ғасырдың басы
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қожасай ауылынан солтүстік — шығыста 2 шақырым 25 метр, Жем өзенінің оң жағалауы
Ескерткіштің сипаттамасы: Мешіт төртбұрышты жобада күйдірілген кірпіштен салынған. Мешіттің солтүстік бөлігінде саман кірпіштен қосымша құрылыс салынған. Бастапқыда төбесі ағаштан тұрғызылып, темір қаңылтырмен жабылған. Жасыл бояумен боялғандықтан «көк мешіт» аталған.
Мешіттің ұзындығы – 18,780 метр, ені – 7,570 метр, биіктігі – 4,500 метр. Мешіттің ішкі жобасы өзгертілген. Михраб орны кірпішпен қаланған. Қазіргі уақытта қосымша құрылысын қоса есептегенде 9 бөлме бар. Мешітте 10 терезе, 9 есіктің орны сақталған.
Мешіт ғимараты кеңес өкіметі тұсында метеостанция ретінде пайдаланылған. Мешітке қарама — қарсы Қожасай ауылының қорымы орналасқан. Қорымда Молдағазы ишан мен оның балалары жерленген. Баласы Шәріптің бейіті мешіттің оңтүстік — шығыс бұрышында шарбақпен қоршалған.
Тарихи мәлімет: Ақпарат Молдағазының 1955 жылы туған шөбересі Шарипов Жасғас Гайгаддинұлынан алынған.