Нұрпейіс Байғанин ескерткіші

Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы

Ескерткіштің мерзімі: 1999 жыл

Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, Ақтөбе облыстық сотының алдындағы гүлзарда

Тарихи мәлімет: Нұрпейіс Байғанин – 1860 жылы 20-маусымда қазіргі Байғанин ауданында дүниеге келеіп, 1945 жылы 9-сәуірде өмірден өтеді. Халық ақыны, жырау. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.

Нұрпейіс ақын адамдардың ең көп жиналатын – Темір, Ойыл, Ырғыз, Орал жәрмеңкелерінде өнер көрсетіп, «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер тарғын», «Қыз Жібек», «Айман – Шолпан» т.б. жырларды жырлаған. Ақын 40-50 жырды жатқа білген.

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш мүсіні жоғарғы және төменгі тұғырдан тұрады. Жалпы биіктігі 3,60 метр. Іргетасы цементті блок, көлемі 12,2 х 6 м. Тұғыры ақшыл-сұрғылт түсті мрамор, төменгі өлшемі 4,6 х 6,1 м, жоғарғы өлшемі 1,36 х 2,5 х 2,9 м. Мүсін цементті асбесттен жасалған, сырты мыспен қапталған. Биіктігі 2,3 м. Мүсін солтүстік-шығысқа қарап орнатылған.