Қ.Жұбановтың ескерткіш — мүсіні

Атауы: Қ.Жұбановтың ескерткіш — мүсіні

Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылыстары

Ескерткіштің мерзімі: 1999 жыл

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы 34, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ғимаратының алдында орналасқан

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш бюсттен, тұғырдан және іргетастан тұрады. Тік бұрышты, жоспарда үш деңгейлі, оңтүстік жағынан сәл көтеріңкі кіреберіс саңылауы бар, оңтүстік жағында қосымша тас стела түрінде кеңейтілмелер салынып, оңтүстігінде баспалдақ орнатылған.

Көлемі — 5,7 х 8,3 метр гүлдерді отырғызуға арналған бос жерлері бар қара — сұр түсті мәрмәрді іргетас. Бюст – биіктігі — 2 метр, салмағы — 2,5 тонна, қара — көк түске боялған, сұры мәрмәр тастан жасалған. Тұғырдың салмағы — 16,5 тонна, өлшемі 2 x 1, 2 x 1, 2 метр.

Сәулетші: А. Әжғалиев, мүсінші: Ж. Кенбай

Тарихи мәлімет: Құдайберген Қуанұллы Жұбанов – қазақтың тұңғыш филолог-профессоры, қоғам және мемлекет қайраткерi, КСРО Ғылым Академиясының филиалы — алғашқы қазақ Академиясын ұйымдастырушылардың бiрi, қазақ тiл бiлiмiнің ғылыми негiзiн қалаушы және жалпы қазақстандық кәсiби ғылымның негiзiн қалаушылардың бірі.

Құдайберген Қуанұлы Жұбанов 1899 жылы 19 желтоқсанда Ақтөбе облысының Темiр — Орқаш болысына қарасты Ақжар деген жерде (қазiргi Мұғалжар ауданы) дүниеге келген. Бастауыш білімін әкесі Жұбанов Қуан ашқан жергілікті мектепте алып, содан кейін 1914 — 1916 жылдары Орынбор қаласындағы «Хусайния» медресесінде оқыды. 1928 жылы Ленинградтағы тірі шығыс тілдері институтын, 1929 — 1932 жылдары КСРО Ғылым академиясының шығыс тілдері институты мен тіл және ойлау институтының аспирантурасында «түркі тілдері және жалпы тіл білімі» мамандықтары бойынша білімін жетілдірген Құдайберген Жұбанов неміс, парсы, түрік, моңғол, чуваш, коми, грузин, орыс сияқты елдердің тілін меңгерген.