Атауы: Қазмағанбет хазірет бейіті
Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің мерзімі: 1917 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой ауылынан шығысқа қарай 13 шақырым
Ескерткіштің сипаттамасы: Қазмағанбет хазіреттің бейітінде құлпытасы бар. Бейіті биік, төртқұлақты. Бейіттің батыс жағында мешіт орыны, ал шығыс жағында құдық орнатылған.
Тарихи мәлімет: Қазмағанбет хазірет – Қызылқорған — Қуырдақты бойын, Жақсыбай аталатын өзеннің Лай, Құлшығай аталатын салаларын жайлаған. Сол Лайдың етегіне мешіт салдырып, қазақ жерінде кеңес өкіметі орнағанға дейін мешіт ұстаған. Меккеге қажылыққа барған. «Ақтөбелік қажылар» деп аталатын кітапта Ойыл ауданы бойынша қажылыққа барғандардың қосымша тізімі бар. Онда қайтыс болған жылы 1917 жыл деп көрсетілген. Деректер бойынша Қазмағанбет хазірет Кеңес өкіметі орнағаннан кейін дүниеден өткен («Ақтөбелік қажылар» Ақтөбе, 2002 ж. А — Полииграфия баспасы). Басында тоқсаныншы жылдары тұрғызылған түнемелік үй тұратын-ды. Оны 2009 жылы кәсіпкер Нұрлан Жұмағалиев жаңартып, қайта салдырды.