Ұзақ — тамы кесенесі

Атауы: Ұзақ — тамы кесенесі

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет

Ескерткіштің мерзімі: XIX ғасыр

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Толыбай ауылынан оңтүстік — шығысқа қарай 47 шақырым 73 метр

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш биікте, триангуляциялық пункттің жанында орналасқан. Ескерткіш шикі кірпіштен тікбұрышты пішінде тұрғызылған. Төбе жабыны сақталмаған. Шилі ауылының информаторларының айтуынша кесененің төбесі бұрын болған, дегенмен, қабырғалардың арасындағы аралықтың алшақтығы мен ішкі бөлікте үйінділердің жоқтығы күмән тудырады. Кесененің ұзындығы – 5,50 метр, ені – 6 метр, сақталған биіктігі – 1,70 метр.

Тарихи мәлімет: Кесене 1998 жылы С.И.Әжғалидің жетекшілігімен Солтүстік Арал маңы ескерткіштерін фронтальды этно — мәдени зерттеу экспедициясы барысында қаралды.