Атауы: Қарабас әулие зираты, құлпытасты қоршау
Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің мерзімі: XIX ғасырдың II жартысы
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарыбұлақ қонысынан батысқа қарай 4 шақырым
Ескерткіштің сипаттамасы: Бейіт үсті құрлыс, камерасы құмтас тақталарынан жасалған плиталармен үйілген сопақша қоршаудан және оның солтүстік — батыс қабырғасына орнатылған стела – құлыптастан тұрады. Қоршау солтүстік — шығыс – оңтүстік — батыс осімен созылып жатқан, құрғақшылық тәсілмен қаланған. Құлыптас тұтас әктас — құмтас кесіндісінен қашалған және қимасында тікбұрышты (11 x 25 см) жартылай шеңберлі сүйір төбесі бар бағана болып табылады. Солтүстік — батыс жағы беткі жағы болып табылады, оның төрт жиектер — жақтауларында жазық рельефті арабографикалық эпиграфика жазылған. Одан төменгі және жоғарғы бөлігінтерінде күрделі емес ою — өрнекті композициялар: толқындар мен пальметтер орнатылған. Соңғысының негізінде тікбұрышты рельефтік жиектеме бар. Діңгектің оңтүстік — батыс қырында ойық эпиграфика, діни мазмұнның бір жағына жоғарыдан төмен орналасқан. Қоршаудың көлемі жоспардағы — 2, 00 x 2,75 метр; биіктігі — 0,55 метр, құлыптас биіктігі – 0,85 метр.
Тарихи мәлімет: Қарабас Көшейұлы– халық батыры. XVIII ғасырда Торғай өзенінің бойында ғұмыр кешкен. Арғы тегі кіші арғынның шақшақ руынан бастау алады. Батыр көріпкелдігі бар әулие болған.