Қарабас әулие зираты

Атауы: Қарабас әулие зираты, құлпытасты қоршау

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет

Ескерткіштің мерзімі: XIX ғасырдың II жартысы

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарыбұлақ қонысынан батысқа қарай 4 шақырым

Ескерткіштің сипаттамасы: Бейіт үсті құрлыс, камерасы құмтас тақталарынан жасалған плиталармен үйілген сопақша қоршаудан және оның солтүстік – батыс қабырғасына орнатылған стела – құлыптастан тұрады. Қоршау солтүстік – шығыс – оңтүстік – батыс осімен созылып жатқан, құрғақшылық тәсілмен қаланған. Құлыптас тұтас әктас – құмтас кесіндісінен қашалған және қимасында тікбұрышты (11 x 25 см) жартылай шеңберлі сүйір төбесі бар бағана болып табылады. Солтүстік – батыс жағы беткі жағы болып табылады, оның төрт жиектер – жақтауларында жазық рельефті арабографикалық эпиграфика жазылған. Одан төменгі және жоғарғы бөлігінтерінде күрделі емес ою – өрнекті композициялар: толқындар мен пальметтер орнатылған. Соңғысының негізінде тікбұрышты рельефтік жиектеме бар. Діңгектің оңтүстік – батыс қырында ойық эпиграфика, діни мазмұнның бір жағына жоғарыдан төмен орналасқан. Қоршаудың көлемі жоспардағы – 2, 00 x 2,75 метр; биіктігі – 0,55 метр, құлыптас биіктігі – 0,85 метр.

Тарихи мәлімет: Қарабас Көшейұлы– халық батыры. XVIII ғасырда Торғай өзенінің бойында ғұмыр кешкен. Арғы тегі кіші арғынның шақшақ руынан бастау алады. Батыр көріпкелдігі бар әулие болған.