Жалмұхамбет Ишан мешіті

Атауы: Жалмұхамбет ишан мешіті

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 17 шақырым.

Қысқаша сипаттамасы: Жалмұхамбет ишан, Молдағазы хазіреттен дәріс алып 1904 жылы Қазан діни орталығының рұқсатымен мешіт тұрғызып, бала оқытқан. Алайда мешіт ХХ ғасырдың ортасында түрлі себептермен қирап бүлінген. Оның орнына ұрпақтары 2000 жылы тік бұрышты жоспарда, ақ қызыл түсті кірпіштердің комбинациясымен мешіт тұрғызады. Мешіт екі бөлмеден тұрады: кіреберіс бөлмесінде сәкі орналасқан, ал екінші бөлме намаз оқуға арналып салынған. Мешіттің батыс жағындағы қорымда Жалмұхамбет ишан және оның ұрпақтары жерленген.

Халыққа имандылық жолын насихаттап, балаларды оқытып, елдің еңсесін тіктеуіне өлшеусіз үлес қосқан білімді де ұлағатты ұстаз Жалмұхамбет ишанның атқарған қызметі ұмытылып, оның елге жасаған игілікті ісінің жалғыз ескерткіші – Жұлдыз қыстағындағы осы мешіт.