Жалмұхамбет Ишан мешіті

Атауы: Жалмұхамбет Ишан мешіті

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет

Екерткіштің мерзімі: 1904 жыл

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласынан оңтүстік батысқа қарай 17 шақырым

Ескерткіштің сипаттамасы: Мешіт ғимараты тік бұрышты жоспарда, ақ – қызыл түсті кірпіштердің комбинациясымен салынған. Мешіт екі бөлмеден тұрады: кіре беріс бөлмесінде сәкі орналасқан, ал екінші бөлме арнайы намаз оқуға салынған. Ғимараттың алдыңғы периметірі бойынша темір шарбақпен қоршалған. Мешітте 1 есік, 1 терезе және бөлме-аралық арка орналасқан. Мешіттің төрт құлағында ай тәріздес пішінді айшықтар орналасқан. Күмбездің жоғарғы жағында көк түсті бояумен боялған жартылай шеңбер тәріздес терезе ойықтары орналасқан. Күмбездің ортасында айшық орнатылған. Мешіттің ұзындығы – 5,7 метр, ені – 3,5 метр. Жалпы биіктігі – 7.5 метр.

Тарихи мәліметтер: Ембі қаласының түскік беткейіндегі бір көш жерде, Жем бойында XIX ғасырдың екінші жартысында, XX ғасырдың басында кәміл ишан атағын алған Жалмұхамбет Байдос ұрпағы кезінде Молдағазы хазіреттен дәріс алып, 1904 жылы Қазан діни Орталығының рұқсатымен мешіт тұрғызып, бала оқытқан. Имандылық сәтінде мешіт іргесіндегі бұлақтың көзі ашылып, қасиетті судан дәм татқан. Жұлдыз ауылында ишан Жалмұхамбет мешітін қайта қалпына келтіру рәсімі өткізіліп, қазіргі таңда күмбезі көкке көтерілген бұл қасиетті ғибадатхана.