Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы
Ескерткіштің мерзімі: 2007 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Облыстық сот ғимаратының алдында
Тарихи мәлімет: Әбидолла Биекенов — 1911 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, заңгер, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасы болған.
Ескерткіштің сипаттамасы: Қоладан құйылған Ә.Биекеновтің мүсіні қызғылт гранитпен қапталған екі қатарлы, төртбұрыш пішінді стилобат пен екі қатарлы тұғырға орнатылған. Стилобаттың өлшемі – 5 х 5 м., тұғырының өлшемі – 0,60 х 0,72 м. Ескерткіштің биіктігі – 3,22 м.
Мүсінші Ж. Т. Кенбай.