Әбидолла Биекеновтың ескерткіш-мүсіні

Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы

Ескерткіштің мерзімі: 2007 жыл.

Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Облыстық сот ғимаратының алдында

Тарихи мәлімет: Әбидолла Биекенов – 1911 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, заңгер, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасы болған.

Ескерткіштің сипаттамасы: Қоладан құйылған Ә.Биекеновтің бюст-мүсіні қызғылт гранитпен қапталған екі қатарлы, төртбұрыш пішінді стилобат пен екі қатарлы тұғырға орнатылған. Стилобаттың өлшемі – 5 х 5 м., тұғырының өлшемі – 0,60 х 0,72 м. Ескерткіштің биіктігі – 3,22 м. Мүсінші Ж. Т. Кенбай.