Алдияр тамы кесенесі

Атауы: Алдияр тамы кесенесі

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет

Ескерткіштің мерзімі: XIX ғасырдың аяғы

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Сабындыкөл ауылынан солтүстікке қарай 3 шақырым

Ескерткіштің сипаттамасы: Сабындыкөл қонысынан 3 шақырым солтүстікте орналасқан ескерткіш. Сегіз қырлы, күмбезді мазардың қабырғалары күйдірілген және шикі кірпіштен өрілген. Мазардың жоғары бөлігі жұлдызша тәрізді дөңгелек, оның үсті сегіз қырлы, шар тәрізді күмбез. Мазардың биіктігі- 4,1 метр, сыртқы қабырғалар арасындағы қашықтық – 6,5 метр.

Тарихи мәлімет: Ескерткішті алғаш рет 1984 жылы Қазақ КСР тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау орталығының Ақтөбе сәулет – өнертану экспедициясы зерттеді (жетекшісі Әжіғали С.)

Кесененің салынған мерзімі – XIX ғасырдың аяғы