«Бай көпес Красавиннің үйі»

Ескерткіштің атауы: «Бай көпес Красавиннің үйі».

Ескерткіш түрі: Қала құрылысы және архитектура

Ескерткіштің мерзімі: ХІХ ғасыр.

Ескерткіштің орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ойыл ауылы, Шернияз көшесі, 26 Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектеп-интернаты

Тарихи мәлімет: Ғимаратты ХІХ  ғасырдың аяғында  ағылшындар  қызыл  кірпіштен салған.   Кезінде Ойыл өңіріндегі бай көпестің үйі болған. Қызыл кірпіштен қаланған бір қабатты үй.  Қазіргі таңда Ойыл аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы  КММ-нің жанындағы интернат қызметін атқарып тұр. 2013жылдан бастап мемлекет  қорғауында.  

Ескерткіштің сипаттамасы: Төртбұрышты  П – әрпі тәрізді. Ұзындығы: 20 м, ені:15м,  биіктігі:  8,50 м.  Ғимараттың  табаны кәрер тасынан қаланған, сыртқы бедері  қызыл кірпіш тасы арқылы әшекейленген. Бұл үйде бай көпес Красавин тұрған.  Артқы бөлігінде қойма сарайы  төртбұрышты  етіп қызыл кірпіштен  қаланып  салынған. Жар қалындығы 80см.  Ұзындығы:10м,ені:7м, биіктігі: 5,50м. Есіктеріне темір есік қойылған.  Терезелері ағаштан салынған.  Шатыры  конверт типінде жабылған, су ағарлары қабырға бұрыштарына бекітілген. Алдыңғы есігі  жерден   1м  биіктікте  және көше бетіне  қарай  орналасқан.   Ғимараттың түсі – қызыл.  2016жылы қүрделі жөндеуден өтіп шатыры, есік – терезесі, сыртқы беті қаңылтырмен қапталып, алдынғы бөлігі қызыл бояумен сырланған.