Байғабыл тамы кесенесі

Атауы: Байғабыл тамы кесенесі

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет

Ескерткіштің мерзімі: ХХ ғасырдың басы

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылынан батыс-солтүстік-батысқа қарай 25 шақырым

Ескерткіштің сипаттамасы: Байғабыл тамы – ХХ ғасыр басындағы сәулет өнері ескерткіші. Ырғыз мекенінен солтүстік-батысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан. Байғабыл тамы-ауданы 3,6×3,7 метр, биіктігі-7,4 метр, сегіз бұрышты порталды -күмбезді ғимарат. Кіреберіс аркасы оңтүстікке қарайды. Ғимарат шикі кірпіштен салынған. Сыртқы өлшемі 8x17x23 және 8x18x33 см болатын күйдірілген кірпішпен қапталған

Тарихи мәлімет: 1983 жылы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының экспедициясы зерттеді (жетекшісі С. И. Әжіғали).

Байғабыл Байұзақұлы- Ырғыз, Торғай өңіріне белгілі, он ауылдан тұратын Қызылжардың болысы, ел ішінде беделді ірі бай болған. Архитектуралық дизайн тұрғысынан алғанда, Солтүстік Арал теңізі аймағында өркендеген сәулет өнерінің соңғы сатысына жатады. Күні бүгінге дейін ол «Байғабыл тамы» деп аталады.