Басылымдар

Орталық арқылы жарыққа шыққан кітаптар мен басылымдар.

«Абат-Байтақ» қорымының арабжазулы эпиграфикалық ескерткіштері. Кітап-альбом

Мүминов Ә.Қ., Дүйсенов Б.Д.; Аллен Франк (ағылшын тілі редакторы, АҚШ) және Ұ.А. Өтепбергенованың (көрсеткіштерді құрастырушы, Қазақстан) қатысуымен

Алматы: Алтын парақ, 2023. – 496 б.

Бұл кітап «Қазақстанның эпиграфикалық ескерткіштері» сериясы бойынша Ақтөбе облысы әкімдігінің «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ «Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы» КММ тапсырысы бойынша шығарылып отыр. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Талдысай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км жерде орналасқан «Абат-Байтақ» кешенінде сақталған 243 нысанның сипаттамасы, фотосуреті, терілген мәтіні, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудармасы, түсіндірмесі қоса берілген. Кітап-альбом зерттеу бөлімі, ғылыми көрсеткіштермен жабдықталған.

Кітап тарихшы, дінтанушы, шығыстанушы, мәдениеттанушы мамандарға және Орталық Азия мен Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің әртүрлі аспектілеріне ден қоюшы барша оқырмандарға арналған.

Оқу →