Мекеме туралы

"Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" ММ,
"Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы" КММ

Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы 1992 жылы 28 желтоқсанда құрылды.

Мекеме облыс аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, есепке алу, жаңғырту, қайта қалпына келтіру, насихаттау, қалаларды және де басқа елді мекендерді жоспарлау, салу және қайта құру жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы «Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты» РМҚК, «Ә. Марғұлан атындағы археология институты» РМҚК, «Қазқайтажаңарту» РМК, ЖОО ғалым-мамандарымен, музейлер, архивтер, жергілікті әкімдіктермен басқа да мүдделі тұлғалармен байланыс жүргізеді.

ҚЫЗМЕТ БАҒЫТТАРЫ

01

Есепке алу

Ескерткіштерді анықтау, тіркеу және мемлекеттік тізілім жүргізу.

02

Қорғау

Нысандардың жай-күйін мониторингтеу және сақталуын қамтамасыз ету.

03

Зерттеу

Археологиялық және тарихи зерттеулерді ұйымдастыру.

04

Насихат

Мұраны цифрландыру, басылым және ағарту жұмысы.

Байланыс

Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды жолдаңыз.

Мекенжай
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Ж. Кереев көшесі, 7
Телефон
+7 747 104 8157
Жұмыс уақыты
Дс–Жм, 09:00–18:00

Кері байланыс