Бопай бейіті

Ескерткіштің атауы: Бопай бейіті.

Ескерткіштің түрі: Киелі объект.

Ескерткіштің мерзімі: XIX ғ. аяғы – XX ғ. басы.

Ескерткіштің орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Кілемжайдан ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 км.

Тарихи мәлімет: С. Әжіғалиевтің«Архитектура кочевников феномен истории и культуры евразии» атты моногорфиясында 540-бетінде Бопай бейіті туралы қысқаша ақпарат бар. Бопай Қасым сұлтанның қызы, Қазақ халқының 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы болып табылатын әйгілі Кеңесары ханның қарындасы. Жергілікті қариялардың айтуы бойынша Бопай Тілеу батырдың екінші әйелі болған. Төртқара руының тоқпанынан тарайтын шобан аталығынан.

Ескерткіштің сипаттамасы: Бопай ханымның бейітітік бұрышты жоспарлы (3,30х5,40 м) «төртқұлақты» қоршау болып келеді. Оңтүстік бетінде ішке кіретін есіктің орны бар. Бейіттің қабырғалары негізінен өңделмеген кірпіштен қаланған, алайда қазіргі таңда бейіттің қабырғалары құлап, өте қатты бүлініп бұзылып жатыр.