Интернационалист жауынгерлерге орнатылған ескерткіш-обелиск

Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы

Ескерткіштің мерзімі: 2007 жыл

Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі мен Абай даңғылының қиылысы

Тарихи мәлімет: Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Саяси бюросы шешімімен 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Оған 22 мың қазақстандық қатысты. Ауған жерінде 2238 күнге созылған ұрыста 924 жерлесіміз қаза тауып, 1015 жауынгер мүгедек болып қалды және 21 адам хабарсыз жоғалып кетті. 14453 адам ауған даласында шейіт болды. Қазақ даласынан аттанған әскери қызметкерлердің ішінде 86 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанды.

Ескерткіштің сипаттамасы: Интернационалист жауынгерлерге орнатылған ескерткіш-белгі ұшар басында бесжұлдыз бейнесі бар ортасынан қақ жарылған құлпытас (өлшемдері 50х60 см), үстіңгі жағы бесжұлдызды шеңбер. Екі бөлінген құлпытастың төменгі бөлігінде қоладан құйылған гүл бейнеленген. Стилобадтың алдыңғы жағында «вечная память погибшим воинам-интернационалистам» деген жазу бар.

Мүсінші: Ж.Кенбай.