Картабай – тамы кесенесі

Атауы: Картабай – тамы кесенесі

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет

Ескерткіштің мерзімі: ХІХ ғасырдың ортасы

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Ақкөл ауылынан 10 шақырым батыста

Ескерткіштің сипаттамасы: Құрылыстың оңтүстік – батыс жағынан айналмалы тізелі тамбур түрінде, кіре беріс бөлігіне тән «үйтам» үлгісіндегі порталды – күмбезді шикі кірпішті кесене. Ескерткіштің негізгі көлемі жоспарда шеңбер тәрізді (сыртқы диаметрі – 7,50 метр), бастапқыда жалған төбелі күмбезбен жабылған. Интерьер қабырғаларында аркамен аяқталатын алты аласа терең текшесі бар, оның бірі тамбурдан кіреберістін ойығы болды. Соңғысы бастапқыда күмбезбен жабылатын, жоспардағы тікбұрышты бөлме болып табылады. Ғимарат құрылысы саз ерітіндісінде өте тұрақсыз мөлшерде (негізінен 9 – 10 x 20 – 22 x 34 – 36 см) шикі кірпіштен салынған. Камерада, бұрын интерьердің барлық беттері майланған сылақтың қалдықтары сақталған. Ең үлкен сақталған биіктігі – 2,60 метр.

Тарихи мәлімет: «Үйтам» түріндегі шикі кірпішті қазақ кесенелерінің типтік үлгілерінің бірі. Ескерткішті 1987 жылы Қаз КСР ҒА Ш. Уәлиханов атындағы ИИАЭ Батыс Қазақстан этнографиялық экспедициясы зерттеді (жетекшісі С. И. Әжғалиев).