Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұловаға орнатылған ескерткіш

Ескерткіштің мерзімі: 1960 жыл

Ескерткіштің түрі: монументтік өнер құрылысы

Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Ж.Шернияз көшесі.

Тарихи мәлімет: Молдағұлова Әлия Нұрмұхамедқызы – 1925 жылы 15 маусымда (кейбір деректерде 25 қазан) Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында Нұрмұхаммед Сарқұлов пен Маржан Молдағұловтың отбасында дүниеге келген.

1944 жылы 4 маусымда Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталған. Әлия Псков облысы Новосокольники ауданы Монакова ауылында жерленген.

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш төртбұрышты гранитті стилобад (3,3мх3,3м) түріндегі архитектуралық монумент. Ортасынан трапеция тәрізді биіктігі 2,6 м, ені 0,6 м төрт қырлы тұғыр көтеріледі. Тұғырда батыр қыздың биіктігі 1,3 м мүсіні орнатылған. Мүсін белден жоғары әскери гимнастерка киімде және басында пилоткамен бейнеленген. Кеудесінде Кеңес Одағының Батыры деген жұлдызша бар. Тұғырда жартылай бұрмаланған тақтайшада «Әлия Молдағұлова – Кеңес Одағының Батыры» деген мәтін бар.

Ескерткіш республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Мүсінші: Е.Н. Штамм, сәулетші: Л.В. Рапутов.