Кеңес Одағының Батыры Ә. Молдағұлованың мемориалдық ескерткіш кешені

Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы

Ескерткіштің мерзімі: 2005 жыл

Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі мен Ә.Молдағұлова даңғылының қиылысы.

Тарихи мәлімет: Молдағұлова Әлия Нұрмұхамедқызы – 1925 жылы  15 маусымда Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында Нұрмұхаммед Сарқұлов пен Маржан Молдағұловтың отбасында дүниеге келген. 1944 жылы 4 маусымда Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталған. Әлия Псков облысы Новосокольники ауданы Монакова ауылында жерленген.

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш ашық алаңда көлемі 830,0 шаршы метрді алып жатыр. Батыс жағында екі жартысфера тәрізді барельефте қазақ халқының тарихы бейнеленген. Барельефтің биіктігі – 2м, ұзындығы – 13,8 м. Қола мүсіннің биіктігі 3,5 метр, гранитпен қапталған тұғырдың биіктігі 2,43 метр. Стилобадтың үстіне қоладан құйылған солдат дорбасы мен каскасы қойылған.  Батыр қаз  өзінің әскери қызметі кезінде жаудың 78 солдаты мен офицерін жойды. 1944 жылы қаңтарда Калинин (Тверь) облысындағы Новосокольники қаласының түбіндегі шайқаста Әлия Молдағұлова жараланып қайтыс болады.

Мемориалдық кешен ерлікпен қаза тапқан Әлия Молдағұлованың 80 жылдық мерейтойына орай 2005 жылы тұрғызылды.

Мүсінші Б.Әбішев, Е.Сергебаев. Сәулетші В.Кацев, Ж.Айнабеков.