Кеңес Одағының батыры ұшқыш – ғарышкер В. И. Пацаев оқыған мектеп

Атауы: Кеңес Одағының батыры ұшқыш – ғарышкер В. И. Пацаев оқыған мектеп

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет

Ескерткіштің мерзімі: 1971 жыл

Орналасқан жері: Ақтөбе обласы, Алға қаласы, С.Сейфуллин көшесі, 2

Ескерткіштің сипаттамасы: Кеңес Одағының батыры ұшқыш – ғарышкер В. И. Пацаев оқыған мектептің қабырғасына орнатылған мрамордан жасалған тақтайша

Тарихи мәлімет: Пацаев Виктор Иванович (1933 – 1971) – КСРО-ның ұшқыш – ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры. 1955жылы Пенза индустрия институтын бітіргеннен кейін, КСРО Гидрометеорол қызметінің Орталық аэрология абсерваториясында және конструкторлық бюрода қызмет етті.

1969 жылы ғарышкерлер отрядына қабылданды. 1971 жылы 6 маусымда Союз – 11 ғарыш кораблімен сынаушы ретінде ғарышқа ұшты. Сол жылғы 7 маусымда Союз – 11 ғарыш кораблі Салют ғылыми станциясымен түйісу операциясын ойдағыдай жүзеге асырып, ғарышта 23 тәулікке жуық болды. Ұшу бағдарламасы толық аяқталып, жерге қону кезінде түсу аппаратының герметикалылығы бұзылуы салдарынан экипаждың басқа мүшелерімен бірге қаза тапты.