Металлургтер Мәдениет үйі

Ескерткіш түрі: Қала құрылысы және сәулет

Ескерткіштің мерзімі: 1947 жыл

Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Бейбітшілік даңғылы, 7 а

Тарихи мәлімет: Ғимарат 1947 жылы Харьков институтының жобасы бойынша тұрғызылған. 1978 жылы Металлургтер Мәдениет Үйінің ғимараты сәулет ескерткіші болып, ал 1986 жылы 10 желтоқсанда мемлекеттік қорғауға алынып, құжатталған.

Ескерткіштің сипаттамасы: Ақтөбе шойын қорыту зауытының Мәдениет үйі ғимараты үш қабаттан тұрады, «Н» формасының қалпында, классикалық стильде салынған. Қабырғасы гранит плиткасымен қапталған. Ішкі құрылысы түрлі ою-өрнектермен жабдықталып безендірілген, бас ғимарат құрылысына симметриялық түрде екі қанат бірігеді. Сәулетші Н.Завадский.