Металлург жұмысшыларға арналған ескерткіш – обелиск

Атауы: Металлург жұмысшыларға арналған ескерткіш – обелиск

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет

Ескерткіштің мерзімі:

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Абай даңғылы

Ескерткіштің сипаттамасы: Хромтау қаласы, Абай даңғылы бойында темірден жасалған металлург жұмысшыларға арналған ескерткіш обелиск орналасқан. Ескерткіш композициясы үш металлургтың металл балқытып жатқан сәтін бейнелейді. Металлургтердің мүсіні толық бойымен алынған. Тұғыры бетоннан жасалып, гранит плиталармен қапталған, ұзындығы – 5,180 метр, ені – 5,830 метр, биіктігі – 3 метр. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 15,100 метр.

Мүсіншілер: Купреянов Я. Н., Мачкевский И. К., Кеңесшілері: Фетисов В. А., Капиносов Ю. Г.

Тарихи мәлімет: Металлургия — ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай – ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы.