Ескерткіштің түрі: Монументтік өнер құрылысы
Ескерткіштің мерзімі: 2003 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, 101 атқыштар бригадасы көшесіндегі гүлзар
Тарихи мәлімет: Мөңке би (1675-1756 жж) Шалқар ауданы аумағында дүниеге келген. Белгілі би, көреген ойшыл, Әбілқайыр хан кеңесшілерінің бірі, жырау. Дала тарихының ғана емес, далалық діл мен танымның, философияның, эстетиканың, поэзияның Асан Қайғыдан бері қарайғы дәстүрлі жолын жалғаған. Мөңке би Дала поэзиясы мен ұлттық философияда алар орны ерекше.
Ескерткіштің сипаттамасы: Ақшыл гранит тастан қашалған Мөңке би Тілеуұлының ескерткіш-мүсіні (биіктігі — 1,3 м). Көлемі — 0,64 м х 0,88 м, биіктігі — 2,62 м. Ескерткіш мүсіннің негізін сұр түсті гранитпен қапталған төрт сатылы стилобад құрайды.
Мүсінші К. Егізбаев, сәулетші: Б. Егімбаев.