Назар тамы кесенесі

Ескерткіштің атауы: Назар тамы кесенесі

Ескерткіш түрі: Қала құрылысы және архитектура

Ескерткіштің мерзімі: ХІХ ғ аяғы – ХХ ғ басы

Ескерткіштің орналасқан жері: Ырғыз ауданы, Киров атындағы ауылдан 6 км солтүстік-батыста, Ұлы-Талдық өзенінің сол жағалауы

Тарихи мәлімет:                                                                        

Ескерткіштің сипаттамасы: Жоспардағы сегіз қырлы орталық кесене, шитті кірпіштен салынған және күйдірілген кірпішпен қапталған. Қабырғалары кішкентай саз төсенішке салынған. Қалау ерітіндісі-сазды-құмды. Алғашында қабырғалардың жоғарғы жағы 3 кірпішті   белдеу карнизбен көмкерілген: үшбұрышты шығарылған, көлденең төселген және лекалды. Жоғарыда қырлы сатылы күмбезі бар екі 8 қырлы жұлдыз тәрізді барабан орналасқан. Камера сондай – ақ 8 қырланған: бірнеше конструктивті-декоротивтік белдіктер бар, оның ішінде екі негізгі белдіктер: белдіктер-тромпалар қабат және ұяшықты желкендердің қабаты («сталактиттер»). Интерьердің беті саз балшықты ерітіндімен сыланған және әктелген. Қабырғаларында қызыл бояумен Араб эпиграфикасы бар. Өлшемдері: биіктігі-3,95 м; қарама – қарсы сыртқы қырлар арасындағы қашықтық-4,75м.