Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің мерзімі: ХІХ ғ. ортасы
Орналасқан жері: Ырғыз, ауданы, Шеңбертал ауылынан 3 км оңтүстікте.
Тарихи мәлімет: Ескерткішті 1987 жылы Ш.Уәлиханов атындағы тарих, этнология және археология институты жанындағы этнографиялық экспедиция (жетекшісі С.Әжіғали) зерттеді.
Мавзолейдің құрылысына шекті руынан шыққан Ыршым атты белгілі архитектор басшылық жасайды.
Ескерткіштің сипаттамасы: Сегіз қырлы етіп салынған мазар шикі кірпіштен өріліп, сырты күйдірілген кірпішпен қапталған. Ішкі беті саз балшықпен сыланып, ақталған. Қабырғада қызыл бояумен жазылған арабша таңбалар болған. Ескерткіштің сақталған биіктігі — 6,20 м.
Омар тамы кесенесі — Солтүстік-Арал маңы өңіріндегі далалық сәулет өнерінің ерекше үлгісі болып табылады.