Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет
Ескерткіштің мерзімі: 1894 жыл
Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Н.Некрасов көшесі 144
Тарихи мәлімет: Бұл ғимарат Ақтөбе қаласында Ақтөбе уезінің бай қазақтарының өз еріктерімен 1888 жылғы 17 қазандағы император отбасына жасалған қастандықтың жүзеге аспай қалғандығына байланысты оның құрметіне арналып жиналған қаражатқа салынған. Ғимараттың құрылысы 1894 жылы толық аяқталып онда сол жылы уездегі тұңғыш орыс-қырғыз (қазақ) қыздар мектебі ашылған. Яғни Ақтөбе қаласының қалыптасу тарихында өзіндік ерекше орны бар нысан болып табылады.
Сондықтан ғимарат 1990 жылы Ақтөбе облыстық атқару Кеңесі комитетінің шешімімен жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштердің Мемлекеттік тізіміне енгізіліп, кейіннен облыс әкімдігінің 2020 жылғы 18 тамыздағы №306 қаулысымен жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштердің Мемлекеттік тізіміне қайта енгізіліп бекітілген.
Ескерткіштің сипаттамасы: Орыс-қырғыз әйелдер мектебі сәулет тұрғысынан өте қызықты және ғимараттың ішкі құрылымы бойынша ыңғайлы. Ғимарат бір қабатты, тасты және темір шатырлы. Биіктігі 3,80 м,. Жалпы аумағы 121,80ш. м. Мектепте 25 қырғыз қызына арналған интернат, мұғалім пәтері, 2 сынып бөлмелері, қолөнер және шағын аурухана орналасқан.
Қазіргі таңда бұл ғимаратта «Шахризада» кафесі орналасқан.