Отан ана ескерткіш – белгісі

Атауы: Отан ана ескерткіш – белгісі

Ескерткіштің түрі: Қала құрылысы және сәулет

Ескерткіштің мерзімі: 2015 жыл

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, Жеңіс даңғылындағы орталық саябақта

Ескерткіштің сипаттамасы: Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне ұрпақтарына құрмет пен естелік. Ескерткіш қиын уақытта халықтың барлық қайғысын, ұлылығын, батылдығын және батырлығын бейнелейді. Өз Отанына деген сүйіспеншіліктің символы. Ескерткіш құрылымы екі бөліктен тұрады. Біріншісі жаулық киген ананың мүсіні, екіншісі үсті көп қырлы боп бітетін арка. Мүсіннің тұғырымен алғандағы биіктігі – 8,5 метр, тұғырының биіктігі – 2,25 метр, мүсіннің биіктігі – 6,25 метр. Тұғырының ұзындығы – 1,3 метр, ені – 1,3 метр. Мүсіннің артында орналасқан арканың биіктігі – 10 метр, ұзындығы – 3,7 метр, ені – 0,6 метр.

Тарихи мәлімет: Ұлы Отан соғысы өткен 1941 – 1945 жылдары ақтөбеліктер Мәскеу, Сталинград, Украина мен Беларусь үшін болған ұрыстарда қызыл әскер қатарында да, партизандар отрядтарында да фашизмге қарсы соғысып ерлік пен батырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Фашизмге қарсы шайқастарда көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін 35 ақтөбелікке Кеңес Одағының Батыры, ал 10 Даңқ орденінің толық Кавалері атағы берілді.